• RU
  • icon На проверке: 18
Меню

Проект двухэтажного производственного здания

  • Добавлен: 02.04.2017
  • Размер: 5 MB
  • Закачек: 0
Узнать, как скачать этот материал

Описание

Курстық жобаның тақырыбы: «Павлодар қаласындағы 2 қабатты өндірістік ғимараттың жер үсті жұмыстарының құрылыс монтаждау технологиясы». Өндірістік ғимараттар - бұл технологиялық процестерге арналған, яғни белгілі бір өнім түрін шығаруға арналады. Өндірістік ғимарат кез келген өндірістік инфраструктура үшін ең негізгі элемент. Оның құрамына өндірістік, қоймалық, тұрмыстық, қызметтік және қосалқы бөлмелер кіреді. Дұрыс жобаланған өндірістік ғимарат технологиялық талаптарға толықтау жауап беріп, капиталдық салымдардың тиімділігін қамтамасыз ететіндей жоғары техника-экономикалық көрсеткіштерге сай болуы шарт, және одан арғы эксплуатациясы кезінде сенімділігі жоғары болуы міндетті. Біздің еліміздегі азаматтық пен өндірістік құрылыстың көбеюімен өсуіне байланысты жинақтау жұмыстары мен құрылыс механизациялары бөлімдерін үнемі жаңалап іске асырылады. Тасу, көтеру және құрылыс жинақтау механизация жұмыстары казіргі жағдайда арнайы машина жүйесімен, индустриалды өндірісті жұмыстар әдісі мен жоғары қаркындарды көрсетумен іске асырылады. Осы жүйедегі негізгі машиналардың бірі көтергіш тасымалдау машиналары болып табылады. Оларға келесі талаптар қойылады: - құрылыс алаңынан басқа да немесе аралықтарда тәуелсіз жылжумен үлкен ептілік керек; - әр түрлі жұмыстарда қолдану мүмкіншілігі; - машинамен жинақтау және бөлшектеуді енбексіңіргіштігі және ең аз көлемдер, пайдалану үшін алаңдар дайындау, сонымен катар обьектіден объектіге қайта орнықтыру. Жүк көтергіш түсіру - тасымалдау жұмыстарында қол еңбегімен атқарылатын жұмыстарды жоюында үлкен роль атқарады. Тәуелсіздігін алған өкіметіміздің алдына қойған мақсаттарының бірі болып отырған бұл құрылыс базасын нығайту, оның техника материалдық базасын жетілдіру және құрылыс техникасын өркендету болып отыр. Мемлекетіміздің басшы ұйымдары барлық уақытта құрылыс саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процесстерге бөлінеді. Жер үсті жұмыстарын сапалы орындау өте маңызды іс - шаралар жиынтығы, яғни оған жататындар: қабырға тұрғызу, жабу және жабын - шатыр жұмыстары, бетон және темірбетон жұмыстары, құрылыс – монтаждау жұмыстары, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, еден, баспалдақ, терезе, есік орнату және т.б. көптеген жұмыстар кіреді. Аталған құрылыс жұмыстары мен оның процестері белгіленген технологиялық ретімен істелу қажет. Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары – жер астындағы құрылыстары (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу). Күрделі құрылыс - материалдық өндірістің маңызды саласының бірі, оның негізгі міндеті – ғылыми - техникалық прогресс арқылы негізгі қордың ұлғаймалы ұдайы өндірісін қамтамасыз ету. Кез - келген ғимаратты немесе үймеретті салған уақытта, сонымен қатар жераумақты жоспарлау немесе көріктендіру кезінде жер жұмыстары жүргізеді. Барлық жер асты жұмыстары біткен соң, қабырға қаланып бағаналар мен жабын жабу плиталарын орнату жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыстар монтаждау кранының көмегімен орындалады. Монтаждау кранын ғимараттың биіктігіне, көтергіш конструкциялар мен элементтердің салмағына, жұмыс көлеміне және ғимараттың жалпы ауданы бойынша таңдалады. Ғимараттың барлық маңызды элементтері қабырғалар мен жабындар жабулар, есік терезелер, баспалдақтар, едендер ҚНжЕ-де бекітілген беріктік, отқа төзімділік, аязға төзімділік, жүк көтергіштік, буизоляциялық, дыбысизоляциялық және т.б. талаптарға сай орындалуы тиіс.

Состав проекта

icon chertezh-tsp-2.dwg

Дополнительная информация

Контент чертежей

icon chertezh-tsp-2.dwg

chertezh-tsp-2.dwg
up Наверх